12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күйгенжар» бекетінде полицейлер BMW көлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қызметтік ит – Байкал көлік салонында тыйым салынған зат бар екенін сезіп, белгі берді.

Бар болғаны бес минуттың ішінде иттің қырағылығының арқасында полицейлер автокөліктен есірткіге ұқсас зат – гашиш тәркіледі. Оқиға орнында 33 жастағы күдікті азамат есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша ұсталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Астана қаласы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында қазіргі таңда 50-ден аса қызметтік ит бар. Олардың басым бөлігі есірткі мен жарылғыш заттарды іздеуге, із кесуге және қылмыс іздерін анықтауға бейімделген.

Байкал есімді ит ротвейлер тұқымына жатады. Ол 4 жылдан бері полиция қатарында. Негізгі міндеті – есірткі заттарын іздеу. Байкал иіс сезуді ойын тәсілі арқылы үйренген. Өзінің дәлдігі мен табандылығы арқылы бірнеше қылмыстың ашылуына үлес қосқан.

Полиция азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске бей-жай қарамауға, күдікті деректер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗