Астанада құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар енді дрондар арқылы түсіріледі

Астанада құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар енді дрондар арқылы түсіріледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда прокуратурасы құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін дрондар қолдана бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сақтандырудың болмауын, биіктікте қауіпті жұмыстардың жүргізілуін немесе заңсыз жұмыс күшінің тартылуын құрылыс салушылар енді жасыра алмайды.

Алғашқы 3 айда арнайы техниканың объективіне мыналар түсті:
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды бұзған 20 құрылыс нысаны;
- 13 жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
- 7 әкімшілік құжат – қаралуда.

Астана қаласының прокуратурасы «әуе бақылауының» мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.