10.12.2025
RU
Мәзір

Елордада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

|
Елордада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың коммуналдық қызметтері қыс басталғалы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қаладағы қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түні коммуналдық қызмет өкілдері 1 559 рейспен арнайы полигондарға 19 мың текше метрден астам қар шығарды.

10 желтоқсан күнгі таңертеңгі жағдай бойынша қар тазалау жұмысына 3 мыңнан аса жол жұмысшысы мен 1 378 арнайы техника жұмылдырылды.

«Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан жалпы 365 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 28 463 ауыр жүк көлігіне тең.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Осыдан кейін қар шығару жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады», - делінген хабарламада.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда аса сақ болуға, қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бұған дейін елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитынын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗