Астанада конституциялық реформа аясында жаңа саяси институттар талқыланды
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «2026 жылғы конституциялық реформа: іске асырудың құқықтық тетіктері» тақырыбындағы сараптамалық дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараны Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, Парламент депутаттары, судьялар корпусының өкілдері, жетекші сарапшылар мен заңгер-ғалымдар қатысты.
Жиын барысында конституциялық өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жаңа институттарды құқықтық бекіту және ықтимал құқықтық қайшылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Министр реформаны сапалы әрі жүйелі іске асыру үшін заңнаманы кезең-кезеңімен жетілдірудің маңызын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша конституциялық өзгерістерді жүйелі жүзеге асыруға және құқықтық реттеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Бұған дейін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жаңа Конституция жобасы талқыланғанын жаздық.