Астанада кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді
30 наурыздан бастап Астанада, ал 1 сәуірден бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Алматы ауданының №2 бөлімі (Тәуелсіздік даңғылы 16/1)
Сарыарқа ауданыныңі №1 бөлімі (Ермек Серкебаев көшесі 13)
Астана қаласындағы ю1 МХҚО (С.Мұқанов көшесі 2).
Айта кетерлігі, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші МХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініш сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, дайын құжат 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініш 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжат 13:00-ге дейін беріледі.
Еске сала кетсек, енді мерзімі өткен құжатты ауыстыру үшін тұрғылықты жерге барудың қажеті жоқ, оны кез келген ХҚКО ауыстырып береді.