«Астанада Кенесары хан ескерткіші орнына қайта орнатылды» – Ерлан Қарин
26 мамыр, 2025
Фото: Ерлан Қарин/ Instagram
Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Instagram аккаунтында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өткен жылы Астанада Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алып тастаған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болған. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, кейбір азаматтар расталмаған ақпарат таратқан болатын. «Кенесары хан ескерткіші мүлдем алынып тасталды, енді орнына қойылмайды» деген секілді. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Сондықтан орнынан алынды. Енді қайта қойылғанда, бұрынғыдан биіктеу орнатылды. Міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», – деді Ерлан Тынымбайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Елорданың «Байқоңыр» ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен 3 аула ашылды
30 сәуір, 2026
Астанада болашақ әлем чемпиондары тазалық акциясын өткізді
30 сәуір, 2026
Бас прокуратура басшылығы Болашақ прокурорлар клубының белсенділерімен кездесті
30 сәуір, 2026
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына дәріс өткізді