Референдум-2026

Астанада Бөгенбай батыр даңғылы ішінара жабылады

Астанада Бөгенбай батыр даңғылы ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Бөгенбай батыр даңғылының Ш. Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 11-31 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады.