Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді

Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Фото: Оңалхан Өнерхан

City Transportation Systems компаниясы қаладағы бірқатар аялдама атауы өзгергенін мелім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Атауы өзгерген аялдамалар:

- Ж. Нәжімеденов көшесіндегі «Сарыкөл көшесі» аялдамасы – «Сағадат Нұрмағамбетов көшесі», №№ 14, 50, 66 бағдарлар тоқтайды;

- Тұран даңғылындағы «АЗС» аялдамасы – «Кең дала» тұрғын үй кешені, №№ 26, 40, 42 бағдарлар тоқтайды;

- «ҚазмұнайГаз» ҰК аялдамасы - «Қабанбай батыр даңғылы», №№ 21, 28, 37, 52, 57, 70 бағдарларда;

- Тұран даңғылындағы «SVOY DOM» аялдамасы - «№ 97 мектеп-гимназиясы», №№ 26, 27, 40, 42, 501 бағдарларда;

- Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы «Строймарт» гипермаркеті аялдамасы - «№ 63 мектеп-гимназиясы», №№ 5, 5А, 9, 11, 15, 15А, 28, 44, 47, 48, 60, 64, 71 бағдарларда;

- «Көктал» тұрғын алабындағы «Сұлукөл көшесі» аялдамасы - «Көктал» мешіті, № 32 бағдар тоқтайды.

Еске сала кетсек, Астанада жеті бағыттағы автобустар саны артты.