Бұл туралы CTS баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 4 қалалық және 3 экспресс бағдарларында жүретін автобус саны артты:
- №20 бағдар – 19 автобус (бұрын 17);
- №60 бағдар – 18 автобус (бұрын 16);
- №63 бағдар – 19 автобус (бұрын 17);
- №78 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- №501 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- №502 бағдар – 10 автобус (бұрын 8);
- №505 бағдар – 10 автобус (бұрын 8).
Сондай-ақ №63 бағдардың демалыс күнгі жүретін автобус саны 4-ке артып, барлығы 14 автобус қызмет көрсетеді.
«Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады», - делінген хабарламада.