Астанада балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шара өтіп жатыр
Астананың «Байқоңыр» ауданы прокуратурасы «Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде «Қауіпсіз үй – қауіпсіз балалық шақ» атты профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында көпбалалы отбасылардың үйлеріне, терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтін және сол арқылы баланың құлау қауіпін азайтатын арнайы бұғаттаушылар орнатылуда.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың, мемлекеттік органдардың және бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
«Ата-аналарға ескертеміз: кішкентай балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмаңыздар. Терезелерді балалардың өздігінен ашуына жол бермеңіздер және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдын алу шараларын сақтаңыздар.
Біздің ортақ міндетіміз — балалардың балалық шағын қауіпсіз ету және әр баланың өмірі мен денсаулығын қорғау», - делінген хабарламада.