Астанада Ақан сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Ақан сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 20-25 сәуір аралығында Ақан сері көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Бұдан бұрын Астананы туристерге қауіпсіз әрі жайлы еткен урбанистік жобалар туралы жазған едік.