Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды
14 сәуір, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Абай даңғылының бөлігіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 14-20 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеруі қажет.
Еске салсақ, Астанада көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен алты адам құтқарылды.
Ұқсас жаңалықтар