12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

|
Photo: Фото: DS28 / Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

|
Photo: Фото: DS28 / Wikimedia Commons, CC BY-SA 4.0

Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

- E-gov порталындағы техникалық ақауларға байланысты құжаттардың электронды нұсқалары уақытша жүктелмейді. Жолаушылардан жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруін сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін елімізде мемлекеттік органдардың сайттары істемей қалғанын жазған болатынбыз. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық іркіліске байланысты бірқатар сервистің уақытша тоқтап қалғанын мәлім еткен.

- Қазір «ҰАТ» АҚ мамандары барлық күш-жігерін салып, сервистердің жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыстарды аяқтауды жоспарлайды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетудің және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз, - деп хабарлады ҰАТ.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗