Елімізде мемлекеттік органдардың сайттары істемей қалды

24 қаңтар, 2025
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Елімізде мемлекеттік органдардың сайттары істемей қалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық іркіліске байланысты бірқатар сервистің уақытша тоқтап қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

eGov.kz портал пайдаланушылары EGOV Mobile қосымшалары, Ашық үкімет порталы, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы және ҰАТ-тың басқа да жобалары істемей қалғанын байқаған. Компанияның айтуынша, бұл мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы техникалық ақау болып отыр.

Қазір «ҰАТ» АҚ мамандары барлық күш-жігерін салып, сервистердің жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жұмыстарды аяқтауды жоспарлайды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетудің және екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз, - деп хабарлады ҰАТ.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.