Жастардың арасында кеңінен танымал әнші Садраддин Болат қазақ эстрадасында өзіндік орнын алып үлгерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
18 жасында жарқ етіп шыққан музыканттың репертуары лирикаға толы әндермен ерекшеленеді. Әндердің авторы да – өзі. Оның бірнеше тректері хитке айналып үлгерді.
«Ыстық көңілдеріңізге рақмет, Астана! Елорда бізді келген сайын қуантады. Өте таза қала. Астана суық болса да, бізге жылы қала», - деді әнші Садраддин Болат.
