Референдум-2026

Астана-Қарағанда тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астана-Қарағанда тасжолы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: ҚазАвтоЖол

Елордада Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралықта Астана-Қарағанда тасжолында төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

29 шілде мен 12 тамыз аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерісті ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Еске салсақ, елордада үш автобустың қозғалыс бағыты өзгерді