Ақмола облысы Қызылсуат ауылы маңында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіру барысында елордалық құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен құлынды құтқарды. ТЖМ қызметкерлері жануарға жедел көмек көрсетті.
Оқиға орнында Астана және Ақмола облысының бөлімшелерінен өрт сөндіруге 73 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
«ТЖМ күштерімен жану толығымен сөндірілді» , деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Астанада құрылыс материалдары сақталған қойма өртенген болатын.