Астанада құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді

Астанада құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді
Фото: Астана қаласы ТЖД

Елордалық құтқарушылар құрылыс материалдары сақталған қоймадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданының Жаһанша Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан қойма ғимаратында шықты. Ғимарат ішінде жиналып қойылған ағаш поддондар жанған. Өрт аз уақыт ішінде оқшауланды.

Жоғары дәрежелі шақыртуға келген елордалық өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын қойманың бүкіл аумағына таралмады.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Тек қойманың темір жабындысының бір бөлігіне зақым келді.

Қазір өрттің мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, Астанада көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен алты адам құтқарылды.