03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әкімдігі елордалық мекемелердің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әкімдігі елордалық мекемелердің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Елорда билігі таңертеңгі қарбалас уақытта қала көшелеріндегі жол кептелісін азайту үшін кейбір іс-шараларды қолға алмақшы, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәслихат отырысында хабарлағандай, елорда әкімдігі жаңа жұмыс кестесімен қызмет етуде: ондағы қызметкерлер үшін жұмыс күні сағат 8:30-дан басталады. Мәслихатта басқа да мемлекеттік органдар үшін жұмысты бастау уақытын ауыстыру туралы талқыланды.

 «Біз бастамамен үкіметтік деңгейге шығамыз. Бұл білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне де қатысты болуы мүмкін. Шешім таңертеңгі және кешкі уақытта жолдарға түсетін жүктемені азайтуға және қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Е.Өтебаев.

Әкімдік елордалық мекемелері үшін жұмыс күнін 30 минутқа ерте бастауды ұсынып отыр.

 «Жарты сағат немесе бір сағат бұрын бола ма - мұны талқылаулар нәтижесі көрсетеді. Бұл шара көлік пен жолаушылар ағынын біркелкі таратуға көмектеседі, бұл елорда бойынша қозғалысты жақсартады», - деп атап өтті Ерсін Өтебаев.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗