«Астана балет» XIV театр маусымын халықаралық жобалармен ашады
«Астана балет» театры XIV театр маусымын ашуға дайындалып жатыр. Жаңа маусым ауқымды халықаралық жобадан басталады, содан кейін әр түрлі елдердің әртістерін бір сахнаға біріктіріп, әлемдік көрерменге қазақстандық хореография өнерінің байлығын ұсына отырып, Қазақстаннан тыс гастрольдермен жалғасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz театрының PR қызметіне сілтеме жасап.
28-29 тамызда театр сахнасында Корей ұлттық балетінің гастрольдік көрсетілімдерімен маусымның шымылдығы ашылмақшы. Жоба Кореяның Қазақстандағы елшілігімен және Korean National Center бірлесе отырып іске асырылады. Көрерменге классикалық балет мұрасының жарқын үлгісінің бірі — Сон Чжонбиннің хореографиясындағы Адольф Аданның музыкасына шығарылған «Корсар» спектаклі ұсынылады. Қойылым романтикаға, шытырман оқиғаға, драмалық иірімдерге, махаббат үшін күреске толы асыл корсар Конрад пен сұлу Медора туралы әйгілі оқиғаға негізделген.
Қызықты сюжет ғаламат хореография, жылдам сахналық эпизодтар, мәнерлі дуэттер мен ауқымды көпшілік сахналар арқылы ашылады. Корей ұлттық балетінің қойылымы классикалық балет дәстүрін заманауи сахналық түсінікпен ұштастырып, пластика, музыка, сценография және әртістердің жоғары орындаушылық шеберлігін үйлесімді үйлестіре білген әсерлі сахналық дүние.

Алайда «Астана балет» халықаралық бағдарламасы мұнымен аяқталмайды. Маусым ашылғаннан кейін труппа елден тыс жерлерге сапар шегіп, қазақстандық хореографиялық өнерін ел аузындағы шетелдік сахналарда көрсетуді жалғастырмақшы: әртістер Вьетнам мен Францияда өнер көрсетеді. Шетелдік қойылымдар аясында «Астана балет» әртістері – Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінен шабыт алған хореографиялық миниатюралардың жарқын топтамасын ұсынады. Бұл қойылымдар халықаралық көрерменді қазақстандық би мектебінің бірегей пластикасымен, ұлттық мәдениетімен және отандық хореография өнерңінің заманауи көзқарасымен таныстыруға мүмкіндік береді.
Театрдың халықаралық бағдарламасында Аустрияға гастрольдік сапар ерекше орын алады. Венада театрдың заманауи репертуарын бейнелейтін «Blind Forgiveness» және «Қос кілем» балеттерінің көрсетілімі өтеді.
«Жаңа маусымда бізді көптеген қызықты оқиғалар мен ауқымды премьералар күтіп тұр. Көрермен қауым екі актілі балет қойылымын, симфониялық музыка концерттерді, жарқын концерттік бағдарламалар мен жаңа шығармашылық жобаларды тамашалай алады. Әркім өзіне ерекше бір нәрсе табатынына сенімдімін, ал жаңа маусым біздің жұртшылыққа көптеген ұмытылмас әсер сыйлайды», - деді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов.
Еске сала кетсек, Астанада театрларға күн сайын 3 мыңнан астам көрермен барады.