Астана әуежайында 6 рейс кешіктіріліп жатыр
Астана халықаралық әуежайында 6 рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында рейстер кестесінде келесі өзгерістер байқалуда.
Ұшып келуге 6 рейс кешіктірілуде:
KC 584 Санья – Астана,
DV 784 Өскемен – Астана,
IQ 400 Ақтөбе – Астана,
FS 7316 Қызылорда – Астана,
IQ 438 Петропавл – Астана,
KC 656 Доха – Астана.
Айта кетейік, 12 қаңтар күні республиканың барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында дауылды ескерту жарияланды.
«Осыған байланысты жолаушылардан әуежайға келу уақытын алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және рейстер кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Рейстердің өзекті статусын авиакомпаниялардың байланыс орталықтарынан, сондай-ақ, әуежайдың онлайн-таблосынан нақтылауға болады: www.nn-airport.kz. Әуежай перронында және вокзал маңы алаңында қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Астана әуежайы 40-қа жуық рейстің кешіктірілуін түсіндіргенін жаздық.