Астана әкімі салынып жатқан бір мың орындық колледж жатақханасына барды

Астана әкімі салынып жатқан бір мың орындық колледж жатақханасына барды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Бейбітшілік көшесі бойындағы колледж студенттеріне арнап салынып жатқан жатақханамен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары елордада жауапты министрлікпен, университеттермен және инвесторлармен бірлесе отырып, 20 студенттік жатақхана салып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде 7 мың орын ашылды. Мәселен, 2023 жылы 8 жатақхана, 2024 жылы 6 жатақхана, 2025 жылы да 6 жатақхана пайдалануға берілген.

«Колледж студенттеріне арнап салынған жатақхананың (Бейбітшілік көшесі, 59) құрылыс барысымен таныстым. Бұл жатақхана шамамен 1 мың орынға арналған. Оны осы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға береміз. Қабылданған шаралар өзге қалалардан және шетелден келген студенттердің тұрмысын жайлы етеді. Сонымен қатар, елордада өзге де әлеуметтік нысандар салып жатырмыз: мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайы, спорт нысандары және тағы басқалары», - деді қала әкімі. 

Еске сала кетсек, елордада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.