290 млн теңге салық төлеуден жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура аса ірі көлемдегі салық төлеуден жалтарған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салайық, бұдан бұрын Астанада 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды.