Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанада түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Пашинян терезесінен таңертеңгі тұман басқан Астананы көрсетті. Бейнероликке армениялық премьер қазақстандық BayanSulu тобының Aua Rai әнін таңдаған. Видеоның соңында Премьер-министр жазылушыларына жүрек белгісін көрсетеді.
«Қайырлы таң, күндеріңіз сәтті өтсін! Мен сіздердің барлығыңызды жақсы көремін», - деп жазған Пашинян жазбасына Қазақстан мен Армения туларының белгісін қосқан.
Жазбаға пікір қалдырған қазақстандықтар саясаткерді жылы қарсы алып, өз кезегінде оған да қайырлы таң тіледі.
Еске салайық, Армения Премьер-министрі Қазақстанға кеше келген болатын. Әуежайда оны Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.