Ақтөбелік шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап етті
ҚР Конституциялық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды қолдану жөніндегі сот практикасын реттейтін норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конституциялық сотқа өтініш берушінің пікірінше, аталған норма Конституцияның 39-бабы 1-тармағына қайшы келеді. Оның пайымдауынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығын және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру мүмкіндігін белгілеу немесе шектеу Конституцияның 61-бабы 3-тармағына сәйкес Парламент құзыретіне жатады.
Өтініш иесінің жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішін Ақтөбе қаласының № 2 соты 2025 жылғы шілдедегі қаулысымен қанағаттандырудан бас тартқан. Кейін апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Конституциялық сот осы мәселеге қатысты қорытынды шешімді ресми сайтына және «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланайтын жеткізді.
Еске сала кетсек, Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкичпен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.