09.12.2025
RU
Мәзір

АҚШ-Қазақстан әуе рейсі ұйымдастырылады

|
АҚШ-Қазақстан әуе рейсі ұйымдастырылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-Қазақстан тікелей әуе рейсі әуелі Лондон арқылы ұйымдастырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ондай міндет мойнымызда бар. Бұл рейс Солтүстік полюс арқылы өтеді. Басқаша айтсақ, Ресей Федерациясының аумағы арқылы ұшып өтуіміз керек. Оны еңсеру үшін Dreamliner типіндегі ұшақ керек. Сонда бірінші мәселе ондай ұшақтың жоқтығында болып отыр. Ондай ұшақ сатып алу мерзімі шегеріліп келе жатыр. Қазір Airbus пен Boeing-тің тапсырыс портфелі 124 жылға жүктелген. Тіпті кезек кері жылжып барады. 2026 жылы біз алу керек болған ұшақтар 2027 жылға қалып отыр. Қазір Air Astana АҚШ-қа Лондон арқылы қатынауды ұсынып отыр. Dreamliner типіндегі ұшақ қолға тигенше осылай амалдау жоспарланып отыр. Қазір осындай маршрут пысықталып жатыр, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗