Ақмола облысында 24 бас құлынды айдап әкеткен күдікті ұсталды

Бүгін, 09:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақмола облысында 24 бас құлынды айдап әкеткен күдікті ұсталды
Фото: видеодан кадр/polisia.kz

Ақмола облысында Ерейментау ауданының бір ауылының тұрғынынан құлындар табыны ұрланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар елді мекенге жақын орналасқан жайылымнан 24 бас жеке малды әкеткен.

Құқық қорғау органдары бұл факт бойынша қылмыстық істі тіркеді. Өтініш келіп түскеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын бастады. Ықтимал куәгерлерден жауап алынды, жақын маңдағы жайылымдар, фермерлік қожалықтар мен малды өткізу орындары тексерілді, ет сатып алушының жеке басы анықталды.

«Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 49 жастағы күдіктіні анықтады.

Ол ұсталып, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары, сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екендігі анықталуда», - делінген хабарламада.

Ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Бұған дейін Павлодар облысында қырағы такси жүргізушісі зейнеткер әйелді алаяқтардан құтқарғанын жазған болатынбыз.