11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды

|
Photo: freepik.com

Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарын заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 09.10.2025 жылы Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).

Табиғатты қорғау - біздің ортақ міндетіміз, балаларымыз бен немерелеріміз үшін табиғи байлықты сақтайық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗