Айдана Құмартаева таеквондодан әлемдік Гран-приде қола медаль жеңіп алды

Айдана Құмартаева таеквондодан әлемдік Гран-приде қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінде қола жүлдеге ие болды деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Алғашқы жекпе-жекте Айдана Құмартаева Германия өкілі Супхрада Атеслиден басым түсті. Кейін Коста-Рика спортшысы Джейси Бассеттті жеңді.

Ширек финалда қазақстандық таеквондошы Франция өкілі Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда ол әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен кездесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Айдана Құмартаева әлемдік сериядағы Гран-при кезеңін үшінші орынмен қорытындылады.

Естеріңізге салсақ, былтыр Қазақстан құрамасы таэквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдеге ие болған еді.