Әділет министрлігінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
ҚР Әділет министрлігінде Конституцияның жаңа редакциясы жобасын талқылауға арналған Қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов, Қазақстан заңгерлер одағы және «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» мүшелері, сондай-ақ адвокатура, нотариат және өзге де құқықтық институттар мен заңгерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда конституциялық реформаның қажеттігін жариялауы еліміздегі демократиялық жаңғырудың айқын көрінісін көрсетті.
Ұсынылып отырған өзгерістер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, Негізгі заңның тұтас әрі жүйелі құрылымын қалыптастыруға бағытталған», - делінген хабарламада.
Жиын барысында кеңеске қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, аталған жоба қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына, адам құқықтарының басымдығына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сай келетінін атап өтті.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа Конституция жобасының талқыланғанын жаздық.