07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

|
Photo: фото: Оңалхан Өнерхан

Абай облысы Полиция департаменті шетел азаматтығын жасыру деректерін анықтау жұмыстарын күшейтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 

Қазақстан заңнамасы бойынша қос азаматтыққа қатаң түрде тыйым салынған. 

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 3-бабына сәйкес, еліміздің азаматы басқа елдің азаматтығында деп танылмайды. Шет мемлекеттің төлқұжатын иеленген бұрынғы қазақстандықтар, заңдық қиындықтарға тап болмас үшін, 30 күн ішінде Қазақстанның шетелдегі консулдығына не жергілікті ішкі істер органдарына хабарласуы қажет.

«Уақтылы ескерту жасалмаған жағдайда, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады (786 400 теңге), не болмаса ел аумағынан шығару шарасы қолданылады (ҚР ӘҚБтК 496-бап). 2025 жылдың басынан бері өңірде осы бап бойынша 15 шетелдікке әкімшілік жаза қолданылды. Оның ішінде 7 азамат елден шығарылса, 8 адамға айыппұл белгіленді»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында көші-қон қызметі басқармасы аудандық бөлімшелермен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтығынан шығуға қатысты 451 өтінішті тіркеді. Бұл өтінімдер Ресей, Түркия, АҚШ, Қырғыз Республикасы мен Чехия тұрғындарынан түскен.

Абай облысының Полиция департаменті қос азаматтыққа жол бермеуге және Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗