Абай облысында шаруа қожалығы басшысы мемлекетке 211 млн теңге залал келтірген

Бүгін, 10:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Абай облысында шаруа қожалығы басшысы мемлекетке 211 млн теңге залал келтірген
Фото: ҚМА

Абай облысында «Агробизнес» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған және мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелер беруді көздейді.

«Тергеу деректеріне сай, «Ықыбай» шаруа қожалығының басшысы жалған құжатты пайдаланып, ірі қара мал сатып алу үшін жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын екі несие алған. Алайда, бұл қаражат жеке қажеттілікке бағытталған. Сонымен қатар, кепіл ретінде көрсетілген мүлік пен малдың болмағаны анықталды», делінеді хабарламада.

Нәтижесінде мемлекетке 211 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Тергеу барысында күдікті бұл соманы толық өтеді. 

Ол елден кетпеу қолхатымен босатылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Айту кетейік, мұндай заңбұзушылықтар агробизнес саласына бөлінетін мемлекеттік қолдауға деген сенімді әлсіретіп, адал кәсіпкерлердің мүмкіндігін шектейді, сондай-ақ саланың тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. 

Еске салсақ, Петропавлда мердігер ұйым өтпежол салуға бөлінген 2 млрд теңгені жымқырған.