02.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2040 жылға қарай Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады

|
Photo: Үкімет
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

2040 жылға қарай Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады

|
Photo: Үкімет

Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мұнай өңдеу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаны құрады, осы жылы 14,55  млн тонна өнім өндіру көзделуде. 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52-ден 29,2 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде.

«2040 жылға қарай заманауи отын-мұнай-химиялық конфигурацияда қуаты 10 млн тонна мұнай өңдейтін жаңа үлкен сыйымдылықтағы ірі зауытты іске қосу және өңдеу қуатын 30-дан 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа зауыттың өңдеу тереңдігі 95%-ды құрайды. Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықтың жанар-жағармай материалдарына өсіп келе жатқан сұранысын 100% қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көршілес елдерге экспорттауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗