2 млрд теңгеден астам шығын: табиғи байлықты шетелге заңсыз тасымалдаған күдіктілер қамауға алынды
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.
Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.
Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
«Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы спорт ұйымдарында сотталғандар, жалған дипломы барлар жұмыс істегені туралы жаздық.