Қазақстанда 2-6 жастағы бүлдіршіндер үшін балабақша кезегі екі есе қысқарды

11 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда 2-6 жастағы бүлдіршіндер үшін балабақша кезегі екі есе қысқарды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде 2025 жылы 2-6 жас аралығындағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту деңгейі 95,9 пайызға жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке сілтеме жасап. 

2019 жылдан бастап елімізде мектепке дейінгі ұйымдар саны 8,6%-ға артып, 10 650-ден 12 мыңға жетті. Бұл ұйымдарда 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген, оның аясында 2027 жылға дейін 300 мың орын пайдалануға берілуі тиіс. 2023 жылдан бастап бүгінге дейін 182 мың жаңа орын ашылды. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жалпы кезектілік 33,3 %-ға, 2-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны екі есеге қысқарды», - деді Оқу-ағарту бірінші вице министрі Майра Мелдебекова.

Айта кету керек, балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, балабақшалар санын арттыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тұрақты мемлекеттік қолдау жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта бүгінгі таңда барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жекеменшік балабақшалдардың 90 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамтылған.