15 наурыз – ел дамуының келесі бағытын айқындайтын күн - Нұрхат Ораш
15 наурыз – ел дамуының келесі бағытын айқындайтын күн. Белсенді болайық! «Ауыл» партиясы Аппарат басшысының орынбасары Нұрхат Ораш желідегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Референдумға 12 ақпанда жарияланған жаңа Конституция жобасы шығарылады.
«Бұл – елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды шешім. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оны қабылдау мәселесін халықтың өзі шешуі – үлкен жауапкершілік.
Алдағы кезеңде жаңа жоба бойынша кең түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әр азамат құжаттың мазмұнымен танысып, саналы таңдау жасауы маңызды.
15 наурыз – ел дамуының келесі бағытын айқындайтын күн. Белсенді болайық!», деп жазды Нұрхат Серікқалиұлы.
Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.