1,5 млн доза өнім: Қарағанды облысының тұрғыны үйінде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған (ВИДЕО)

6 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
1,5 млн доза өнім: Қарағанды облысының тұрғыны үйінде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин/polisia.kz

Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.

«Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді.

Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды», - делінген хабарламада.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.