Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсына өнімімдер қабылдап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап биылғы 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.
«Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады», - делінген хабарламада.
Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.