00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жетісу облысында көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты

3 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жетісу облысында көлік жылқыға соғылып, бір адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде болған, деп хабарлады Elorda.info.

Жеңіл көлік жолға кенеттен шауып шыққан ірі қарамен соқтығысқан.

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте болған жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.