«Жарнамасына қызығып...»: Роза Әлқожа ақылы мектептер туралы ойын айтты
Танымал әнші Роза Әлқожа өзінің Instagram парақшасында ақылы мектептің жарнамасына қызығып, екі баласын да сонда ауыстырып жібергені туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кейін әнші бұл шешімі үшін өкініп қалған.
«Қалайсыздар? Мектепке дайындалып жатырсыздар ма? Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен. Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік. «Арзанның сорпасы татымайды» болып қалдық.
Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды. Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. «Қой» деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой иә бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын», - деп жазды әнші.