Зардап шеккендермен болған жол апаттарының саны 1,5 есеге артты

Қазақстанда қатарынан екінші жыл адам өліміне немесе жарақат алуына әкелген жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсіп келеді. Өткен жылы мұндай жол апаттары екі есеге жуық көбейсе, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 51 пайызға артқан. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, биыл жеті айда елде 19,1 мың адам зардап шеккен немесе қаза тапқан жол апаты тіркелген. Бұл 2024 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 6,5 мыңға жуық оқиғаға көп, деп хабарлады Elordainfo.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Ай сайынғы динамика көрсеткендей, қаңтардан мамырға дейін зардап шеккендермен болған жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай артқан. Маусым айында – өткен жылы да, биыл да апаттар саны шамамен бір деңгейде болған, ал 2025 жылдың шілде мен тамыз айларында бұл көрсеткіш сәл азайған.
Ең өкініштісі – зардап шеккендермен болған жол апаттарының көбеюі көптеген отбасыларға қайғы мен қасірет әкелді. Биыл жылдың алғашқы жеті айында жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің саны 62,8 пайызға өсіп, 26,1 мың даамға жетті. Жол апаттарынан 1,2 мың қазақстандық қаза тапты, олардың ішінде 176 бала бар.
Биыл қаңтар-шілде айларында жол-көлік оқиғаларының саны еліміздің барлық өңірлерінде артқан, тек Абай болысынан басқа (2,5 пайызға азайған). Көһптеген облыстарда апат саны айтарлықтай өскен. Ең көп өсім Ақтөбе (шамамен 3 есе), Атырау (2,5 есе) және Қызылорда (94,2 пайызға) облыстарында тіркелді.
Жол апаттарының ең көп тіркелген қаласы дәстүрлі түрде Алматы болды – әр бесінші жол-көлік оқиғасы осы қалада болған. Биыл жеті айда оңтүстік астанада 4,3 мың жол апаты тіркеліп, бір жылда олардың саны 67,6 пайызға артқан. Екінші орында – Алматы облысы. 1,8 мың апат. Жол-көлік оқиғалары ең көп тіркелгенөңірлер қатарынан Астана, Ақтөбе, Жамбыл облыстары да кірді – әрқайсысында 1,1 мыңнан жодл апаты болған. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді – жеті айда бар болғаны 187 апат болған.
Теріс үрдіске көлік саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың жалпы өсуі әсер етті. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзуға жиі жол бере бере бастады. Соның салдарынан жол апатына әкеп соққан құқықбұзушылықтар айтарлықтай артты. 2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында көлік және жол шаруашылығы саласында 8,5 миллион әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2 пайзыға көп.
Көлік саласындағы ең көп таралған құқықбұзушылық – жылдамдықты асыру болды. Цифрлық жүйелердің арқасында биыл жеті айда тым тез жүргені үшін 3,7 миллионнан астам жүргізуші ескерту алды – бұл өткен жылға қарағанда 7,5 пайызға көп. Екінші орында «белгі немесе жол сызықтарының талаптарын орындамау» тұр. Мұндай құқықбұзушылықтар саны 46,9 пайызға өсіп, 2,1 миллион жағдайға жетті.
Жол ережелерін бұзу, апаттық жағдай тудырған оқиғалардың саны да айтарлықтай көбейді. 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында 25,5 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдыңд сдәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға өскен.
Қай түрдегі жол ережесін бұзу апаттар санының өсуіне әсер етті? Жол-көлік оқиғаларына себеп болған жол ережелерін бұзудың барлық түрлері бойынша биыл қаңтар-шілде айларында көрсеткіштер өсті – айырмашылық тек олардың қаншалықтыартқанына байланысты.
Жол апаттарының ең жиі кездесетін себептері – маневр жасау ережелерін бұзу (тіркелген барлық апаттардың 21,5 пайызы) және жаяу жүргіншілерге немесе басқа қозғалыс қатысушыларына басымдық бермеу (20 пайыз) болды. Осы екі жол ережесін елемеудің салдарынан 2025 жылдың жеті айында зардап шеккендермен бірге шамамен 8 мың жол апаты болды. Бір жылдағы өсім – 67 пайыздан астам. Жол апаттарының ең көп тараған себептері арасында үшінші орында жылдамдықты асыру тұр. Мұндай апаттардың үлесі 10,5 пайызды құрады.
ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикасына сүйенсек, зардап шеккен жол апаттарының 85 пайызында кінә көлік жүргізушілерінде болса, 2,7 пайызында жаяу жүргіншілерде болды. Жалпы биыл қаңтар-шілде айларында жаяу жүргіншілер қатысқан 6,9 мыңнан астам жол апаты тіркелген. Олардың 7 мыңы жарақат алды, жартысына жуығы балалар болды. Осы апаттарда 293 қазақстандық қаза тапты. Өкінішке қарай, статистика «Жаяу жүргінші дұрыс, бірақ өлі» деген танымал тіркесті растайды. Қаза тапқан 293 жаяу жүргіншінің 245-і жолды дұрыс өткен және соққыға кінәлі болмаған. Ал 48 жаяу жүргінші жолда дұрыс өтпегені үшін өз өмірін қатрге тігіп, қаза тапты.



