00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға қалай өтінім беруге болады

23 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға қалай өтінім беруге болады
Оңалхан Өнерхан

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялаудың қалай жүргізілетінін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл бағдарлама азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жеке тұрғын үйді жалға алу төлемінің 50% көлемінде субсидия төлеуді көздейді. Жалға алу құнының қалған 50% -ын алушылар өздері төлейтін болады.

Төрт санат бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған қазақстандықтар мемлекеттің қолдауына үміткер бола алады:

1. 1 және 2 топтағы мүгедектер

2. мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар

3. жетім балалар

4. көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш берместен бұрын, төмендегі шарттарға көз жеткізу керек:

1. Сізде қолданыстағы электрондық цифрлыққолтаңба (ЭЦҚ) бар.

2. Сіздің Отбасы банкінде депозитіңіз бар. Отбасы банкінде депозитіңіздің болуы сізге арнайы шотты автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді, содан кейін оған төлемдер аударылады.

3. Пайдаланушы otbasybank.kz порталының басты бетінде субсидиялауға үміткер азаматтар тізімінде өзінің бар-жоғын тексереді Ол үшін otbasybank.kz. порталында ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет

4. Егер пайдаланушы жалға алуды субсидиялауға үміткерлер тізімінде тұрса және Банктің клиенті болса, онда ол өтініш беру мүмкіндігі бар басты бетті көрсетеді.

5. Пайдаланушы өтініш береді. Ол үшін ол төлем алуға өтініш пен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қояды. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдейді және отбасының құрамын өзі анықтайды.

6. Отбасының құрамын анықтағаннан кейін, кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу құқығына, табысы туралы ақпараттың шынайылығына кепіл болатын келісімдерге қол қоюы керек. Өтініштерге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.

7. Жүйе деректерді тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін көрсетіп, өтінішін кері қайтарады.

8. Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алуаймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының ең жоғары мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.

9. Субсидия алуға мақұлдау өтініш мақұлданған күннен бастап 1 (бір) ай көлемінде жарамды. 1 (бір) күнтізбелік ай өткеннен кейін өтініш жойылады.

10. «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.

11. Бұдан әрі баспананы жалға берушіotbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеледі.

12. «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде деректерін растайды.

13. Жүйе жалдау шартын және төлем кестесін қалыптастырады, оған ЭЦҚ көмегімен екі тарап қолқояды.

14. Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін мемлекеттік баж төлейді.

15. Субсидия алуға үміткердің жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады.

Төлемдерді алу үшін отбасы табысы қандай болуы тиіс?

Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге тең. Мысалы, отбасында 5 адам– екі ата-ана және үш бала, олардың бір айдағы жалпы табысы 217 035 теңгеден аспауы тиіс.

Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үйді өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторларды ескеру қажет.

 

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.

Тұрғын үйді жалдаудың 1 шаршы метрінің бағасы жыл сайынғы АЕК деңгейінің және облыстың немесе қаланың белгілі бір коэффициентінің негізінде қалыптастырылады (Жеке тұрғын үй қорынан жалғаалынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес)

Жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі:

саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін - 40 ш. м. артық емес

саны 4-тен 5-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін-60 ш. м. артық емес

саны 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін - 80 ш.м. артық емес

Егер тұрғын үй көлемі үлкен болса, онда айырмашылықты жалға алушы өзі төлейді.