Қызылорда облысында 44,3 млн теңге субсидия қаржысы мақсатсыз жұмсалған

фото: t.me/kzlsud
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Нәтижесінде жалпы сомасы 44,3 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.
Тексеру барысында шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу шарттары бойынша субсидия қаражатын алғанымен, белгіленген талаптарды толық орындамағаны белгілі болды.
Нәтижесінде, Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 44,3 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидия мемлекетке қайтару жөнінде шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:23
Үкіметте Арал теңізінің мәселесі талқыланды

Бүгін, 10:27
Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында ауылдарды сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді

Бүгін, 09:49
Салық төлеуден жалтарған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

Бүгін, 08:53
«Келгенше қонақ ұялады, келген соң...»: Оралда мейрамхана қызметіне қатысты дау туындады