«Қызға орынсыз сөз айтқан»: ҚМДБ мәлімдеме жасады

«Қызға орынсыз сөз айтқан»: ҚМДБ мәлімдеме жасады
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚМДБ Ақтөбеде мешітте қызға орынсыз сөз айтқан азаматқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында орын алған оқиғаға қатысты түрлі пікірлер таралуда. Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ҚМДБ орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайтынын мәлімдеді.



«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», - деп жазылған ҚМДБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.