00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттаған шетелдік жолаушы қамауға алынды

17 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Әуе компаниясының қызметкерлерін балағаттаған шетелдік жолаушы қамауға алынды
Оңалхан Өнерхан

Шетелдік азамат ұшақ бортында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы ұшақта мас болып, экипаж талаптарын орындамаған және әуе акомпаниясының қызметкерлерін балағаттаған. Бұған қоса ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған орында темекі шеккен. Алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға масаң күйінде келген және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзған.

«Тараз қаласының әуежайына Дакка-Внукова бағытындағы рейспен ұшып келген жолаушыны желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды. Осы фактілер бойынша оған 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

 Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.