00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды

4 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы сотталды
фото: freepik

Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 қызметкері пара үшін сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған. Сондай-ақ, Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды», - делінген Антикордың хабарламасында.

Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.