«Тәжен» кеден бекетінде шетелдік азамат есірткімен ұсталды
4 шілде, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Өнерхан
Маңғыстау облысының «Тәжен» кеден бекетінде есірткі затын тасымалдамақ болған шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Маңғыстау облысының «Тәжен» кеден бекетінде кедендік тексеру барысында «ТТСГ» шекаралық наряды Мәскеу - Динау қаласы бағытына сапар шекпек болған жолаушыны тоқттады.
«Өзбекстан Республикасы азаматының қалтасынан есіркі заты табылды. Қазіргі уақытта іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, 2024 жылдың басынан бастап «Тәжен» кеден бекетінде 7 кеден заңнамасын бұзу фактіс анықталып, 169 әкімшілік істер қаралды. 4,9 млн. теңгеден астам айыппұлдар өндірілді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті