ТМД-дағы орташа жалақы қанша рет қазақтың ұлттық тағамын жасауға жетеді

13 тамыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views59
ТМД-дағы орташа жалақы қанша рет қазақтың ұлттық тағамын жасауға жетеді
Фото: Сара Қамзаева

Азық-түлік бағасының өсуі және ТМД елдерінде жалақының көлемін эксперттер салыстырып, статистикасын жасады. Қазақстан ТМД елдері арасында үздік үштікке еніп отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Economy.kz сарапшылары зерттеуіне сілтеме жасап.

Зерттеуде ТМД-ның 8 елі (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) бойынша 6 адамнан тұратын отбасына  неше рет қазақтың ұлттық тағамы – Ет асуға жетеді деген сауал қойылған.

Бешбармақ (6 порцияға)

Ингредиенттер:

Сиыр еті- 3 кг;

Пияз- 0,5 кг;

Ұн - 0,5 кг;

Сәбіз - 0,5 кг;

Жұмыртқа-2 дана;

Картоп-0,5 кг;

Су, тұз - шартты түрде құны жоқ

ТМД-ның кейбір елдерінде бешбармақ дайындауға арналған азық-түлік өнімдерінің құны:

Сонымен қатар ТМД елдеріндегі орташа айлық жалақы айтарлықтай айырмашылық бар: Ресей мен Қазақстандағы салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіштерден Тәжікстан мен Қырғызстандағы ең төменгі көрсеткіштерге дейін, бұл базалық азық-түлік өнімдері мен халық үшін танымал тағамдардың қолжетімділік деңгейіне тікелей әсер етеді.

Беларусь пен Ресей қолжетімді порциялар саны бойынша сенімді түрде көш бастап тұр. Беларуссияда бір жалақыға 41 бешбармақ дайындауға болады. Ресейде - 37 бешбармақ. Бұл табыс деңгейі мен өнім бағасы арасында баланс бар екенін көрсетеді.

Қазақстанда азық-түлікке қолжетімділік басқа ТМД елдерімен салыстырғанда жақсырақ.  Елмізде орташа жалақыға 36 бешбармақ дайындауға болады.

Армения мен Әзірбайжанда азық-түлік бағасы қымбат, екі елде де 17 бешбармақ жасауға болады.

Қырғызстан мен Тәжікстан қол жетімділігі бойынша антилидерлер болып отыр. Тәжікстанда орташа жалақыға тек 6 бешбармақ дайындауға болады. Қырғызстанда 9 бешбармақ. Қазақтың бас тамағын дайындаған кезде қырғызстандықтың қалтасына айтарлықтай қысым түседі.

Өзбекстан қол жетімділіктің орташа деңгейін көрсетеді. 17 бешбармақ дайындау мүмкіндігі табыстың төмен болғанымен, азық-түлік қолжетімділігімен байланысты.

Сара Қамзаева