«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды
20 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
фото: t.me/madenietaqparat
«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.
Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар