00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тәуелсіздік, мен өзіңмен құрдаспын! – Әйгерім Алтынбекова

18 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тәуелсіздік, мен өзіңмен құрдаспын! – Әйгерім Алтынбекова
Фото: Elordainfo.kz

Тәуелсіздіктің тұғырлы, берік болуы – елдегі әрбір адамға байланысты. Бұл туралы елордадағы №38 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Әйгерім Алтынбекова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақтың қалың тарихына үңілсек, талай рет тағдыры қыл ұшында тұрғанын байқайсың. Тағдырдың сын тезінен аман қалған халқымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын кең даланы бізге аманат етті. Ата-баба арманына біз жеттік. Ел тарихындағы елеулі жылы дүниеге келуім жүрегіме шуақ шашады. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас болуымды маңдайға жазыпты. Тағдырдың сыйымен келген бұл күн – мен үшін үлкен жауапкершілік. Қазір әр қадамыма есеп беріп, әрбір ісіме жауапкершілікпен қараймын. Күш-жігерімді Отанымды көркейтуге, гүлдендіруге жұмсаймын. Халқымның бақытты болуын қалаймын. Асқақ елдің арманы биік, адастырмайтыны кәміл. Қандай қызметті болса да, мінсіз атқаруға күш саламын, - деді мектеп мұғалімі.

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. 

 Еркін, тәуелсіз елде өмір сүру адамның алаңсыз, бақытты ғұмырының кепілі болмақ. Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Тәуелсіздіктің тұғырлы, берік болуы – елдегі әрбір адамға байланысты. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттығымыздың бағасын білгеніміз  абзал, - деп сөзін түйіндеді Әйгерім Маратқызы.